Атырау, 26 сәуір 10:07
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Тіс іздері бар жүгері сараптамаға жіберілді". Қостанай облысында 5 жасар қызды іздеу жалғасып жатыр

951 просмотра

Қостанай облысында жоғалған Мәдина Ерланқызын іздеп жүрген кезде табылған тістелген жүгері сараптамаға жібереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысында жоғалған бес жасар қызды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Іздеу аумағын кеңейту туралы шешім қабылданған. Жүгері алқабынан табылған тіс іздері бар жүгері сараптамаға жіберіледі.

"Жұмыс істеген аумақты ескеріп, іздеу аймағы төрт бағытта кеңейеді: Жамбыл кенті - Тобыл өзені, Алтын дала ауылы, Қостанай қаласы және Самир кенті. Таңертең екі тікұшақпен және бір ұшақпен әуе патрульдері жүргізіледі. Олардың бірінде тепловизор бар", - деді Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.






Жол бойында полицейлер су мен тамақ тастап кетіп жүр.

9 тамыз 2022, 12:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.