Атырау, 6 мамыр 08:27
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Бес жастағы Мәдина Ерланқызын іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр

1 041 просмотра

Қостанай облысының полицейлері жоғалған қыз үйінен 9 шақырым жерде, жүгері алқабынан байқалғанын хабарлады. Баланы іздеуге ерікті тұрғындар да қосылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полиция өкілдері егістік қоршауға алынғанын, қызды іздеуге дрон пайдаланылғанын айтты.

"Жоғалған қыз жүгері алқабында жүргені туралы хабарды естіген ондаған қостанайлық, ауыл тұрғындары полицияға көмекке келді. Бәрі осы жағдайға байланысты бірікті. Іздестіру жұмыстарына еріктілер, қамқор азаматтар көмектесіп жатыр", - деді Қостанай облысының ПД өкілдері.

Еске салайық, бірнеше күннен бері жоғалып кеткен кішкентай қыз іздестірілір жатыр. Ол таңғы сағат 7-де үйінің терезесінен шығып, қашып кеткен. Оның ойын алаңында жүргенін, кейін жолдан жүгіріп өтіп, орманға қарай бет алғанын көрген адамдар бар.

9 тамыз 2022, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.