Атырау, 1 мамыр 03:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

Қазақстанда пәтер тонаумен айналысқан екі ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

1 011 рет қаралды

Қазақстанда жыл басынан бері 2 мыңнан аса пәтер тонаушылары ұсталып, екі ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жол кесілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жыл басынан бері екі мыңнан аса (2034) пәтер тонаушылары ұсталды, оның ішінде 95 "ұры-гастролер", яғни түрлі қалаларда ұрлық жасағандар, 194 қылмыстық топ. Екі ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді", - деді Ішкі істер министрлігі өкілдері.

Полиция мәліметінше, 2022 жылғы мамырда Шымкентте екі ер адам мен екі әйелден тұратын қылмыстық топ әшкереленген. Олар 2021-2022 жылдары Түркістан облысының Қазығұрт, Келес, Ордабасы және Сарыағаш аудандарында 70 пәтер тонаған (2022 жылы 35 пәтер - еск.). Тонауға терезе арқылы түскен. Топ мүшелері тоналған мүлікті Шымкенттегі ломбардтарға тапсырған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 100 миллион теңгеден асады.

8 тамыз 2022, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.