Атырау, 10 қыркүйек 08:21
 дождьВ Атырау +14.6
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32

Оралда кәсіпкерді өлтіргендерді іздеуге әскерилер де қосылды

1 227 рет қаралды

О

ралда кәсіпкерді өлтірген күдіктілерді іздеу жалғасуда. Іздестіру жұмыстарына ішкі әскер де кірісті, деп хабарлайды Экспресс К Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Аса ауыр қылмыс жасаған екі ер адамды іздеуге Полиция департаментінің барлық жеке құрамы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіуде.

Қала көшелерінде блок-бекеттер қойылды, барлық автокөлік құралдары тексерілуде, барлық аудандық полиция бөлімдеріне, БАҚ және әлеуметтік желілерге хабарлар жіберілді. ҚР ҚК 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, 6 тамызда сағат кешкі 20:00 шамасында екі белгісіз адам Орал қаласының тұрғынына бірнеше пышақ жарақатын салып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. Марқұмның кәсіпкер екендігі, мейрамхана бизнесімен айналысқаны анықталды.

8 тамыз 2022, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.