Атырау, 25 сәуір 18:47
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы Вьетнамды ұтты

1 118 просмотра

Жарыс Үндістанда өтіп жатыр. Ойын 2,5:1,5 есебімен аяқталды. Командаға Жансая Әбдімәлік жеңіс әкелді. Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нақбаева мен Назерке Нұрғали тең ойын көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Спорт Шредингер" порталының хабарлауынша, Бибісара үшін бұл - аталған турнирдегі төртінші тең ойыны. Матч алдында вьетнамдық шахматшылар турнирлік кестеде 10-шы орында, ал Қазақстан 14 -ші орында төбе көрсеткен.

Сонымен қатар, ерлер құрамасы Испанияны жеңіп, қатарынан бесінші жеңістеріне қол жеткізді. Есеп - 2,5: 1,5.

Айта кетелік, команда қоржынына Әлішер Сүлейменов ұпай салды, ал Ринат Жұмабаев, Арыстанбек Оразаев пен Қазыбек Нөгербек тең ойын көрсетті.

Қазыбек алты сериялы жеңісін алғаш рет үзуге мәжбүр болды. Сөйтіп бұл жолы ол алғаш рет тең түсті. Матч алдында испандықтар 15-ші орынды, ал қазақстандықтар 11-ші орынды иеленген.

6 тамыз 2022, 01:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.