Атырау, 27 сәуір 03:04
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Алматыда автобуста ер адам бұрынғы әйелін өлтірмек болды

1 272 просмотра

Алматыда қоғамдық көліктегі жантүршігерлік оқиға видеоға түсіп қалды: жолаушылардың бірі жұрттың көзінше бұрынғы әйеліне пышақпен тап берді, деп хабарлайды Sputnik.

Автобус ішіндегі бейнебақылау камерасының жазбасы желіде жарияланды. Кадрда ер адам мен әйел алдымен сөйлесіп тұрады, содан кейін ер адам оны өлтірмек болған.

Әйелге бір ғана жігіт көмекке келген. Ол ашулы адамды ұстап қалған.

Әлеуметтік желіде шабуыл жасаған адам жәбірленушінің күйеуі екені хабарланды.

Құқық қорғаушы Дина Таңсәрі әйелдің суретін жариялады – күйеуі оның беті мен мойнын тіліп жіберіпті. Сондай-ақ ол ерлі-зайыптының ажырасқанына екі жыл болғанын, бұған дейін бұрынғы күйеуі әйелді өлтіремін деп қорқытқанын айтты. Сол күні ол оның ізіне түсіп, бірге автобусқа мінген.

Таңсәрінің айтуынша, бұзақы 15 тәулікке қамауға алынған.

Алматы полициясының мәліметінше, бұл факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі (Атылмайтын қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық) бойынша іс қозғалды. Кінәлі адамды үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Әлеуметтік желі қолданушылары қылмыскерден қорықпаған жігіттің әрекетіне сүйсінді.

5 тамыз 2022, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.