Атырау, 21 ақпан 15:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Ұзынағашта атыстан бір адам қаза болды

1 328 рет қаралды

Алматы облысының Ұзынағаш ауылында атыс болып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы Azattyq Ruhy облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, 4 тамыз күні сағат 16:20 шамасында Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының ауруханасына үш жергілікті тұрғын оқ жарақатымен түскен. Жеткізілгеннен кейін зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

«Полиция дереу аталған факті бойынша барлық мән-жайларды анықтау және қылмысқа қатысы бар адамдарды ұстау шараларын қабылдады. Іздестіру барысында «ұстап алу» жоспары жарияланды», - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша оқиға жергілікті тұрғындар арасында дұшпандық қарым-қатынасқа байланысты болғаны анықталды. Қазіргі уақытта жанжалға қатысы бар адамдар толығымен анықталып, оларды ұстау бойынша іс-шаралар жүріп жатыр.

5 тамыз 2022, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.