Атырау, 17 тамыз 11:47
 бұлттыВ Атырау +36
$ 476.58
€ 482.92
₽ 7.77

Нұрсұлтан Назарбаевтың қоры америкалық басылымды сотқа берді

747 просмотра

Нұрсұлтан Назарбаевтың қоры журналистік зерттеумен айналысатын америкалық Journalism Development Network басылымын сотқа берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Courthouse News Service басылымы жазады.

Ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанның бұрынғы президентінің атымен аталатын қазақстандық қайырымдылық қоры Мэриленд штатында орналасқан коммерциялық емес журналистік зерттеу ұйымын жала жапты деп сотқа беріп, оның "Нұрсұлтан Назарбаевтың миллиард долларлық байлығын құрайтын активтерін іздестіру оқиғасы" оның абыройына нұқсан келтіреді деп мәлімдеген.

Басылымның мәліметінше, Қордың мүддесін Вашингтондағы адвокаттық фирманың заңгері қорғайды.

"Қор Назарбаев университеті мен Назарбаев зияткерлік мектебін қаржылық қолдау көрсету және осы Орталық Азия мемлекеті үшін Батыста мамандар даярлауға көмектесу үшін құрылған", - делінген Назарбаев Қорының атынан берілген сот қағазында", - дейді арызданушының заңгері Мэтью Л. 

Бұл іс бойынша жауапкер ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлық туралы хабарлауға маманданған Балтимордағы Journalism Development Network, Inc. Бұл 10 жыл бойы бүкіл әлем бойынша саясат пен мемлекеттік органдардағы жемқорлықты қадағалап келе жатқан ақпарат агенттігі.

"Біз бұл шағымды негізсіз деп санаймыз және Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлықты хабарлауды зерттеу орталығы біздің нұсқамызды қолдайды", - деп мәлімдеді Journalism Development Network атқарушы директоры Дрю Салливан.

Сөз қаңтардың 19-ы күні жарияланған мақалада Қазақстанның бұрынғы президентімен байланыстырылатын аттас төрт бөлек қайырымдылық ұйымы жайлы болып отыр.

"Назарбаев қорының" баспасөз хатшысынан бөлек үш қайырымдылық ұйымның ешқайсысы журналистердің сауалдарына жауап бермеді. Ол бұрынғы президент қордың ешбір мүлкін пайдалана алмайтынын, өйткені бұл заңға қайшы екенін айтқан.

"1990 жылы Кеңес Одағынан бөлініп шыққан Қазақстанды "тұңғыш президент" ретінде басқарған Назарбаев мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіріп, өзіне және бір топ олигархтарға орасан байлық жинады. Ол Швейцария банк шоттарында 1 миллиард доллар жасырып қойғаны, ал басқаларының қайда екені белгісіз екені айтылады. Ол 2019 жылы биліктен кеткеннен кейін оған қудалаудан немесе тіпті тергеуден құтылатын мүмкіндік берілді, ал оны және оның бизнесін сынаған журналистер қудаланды", - делінген сайт мәліметінде.

Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) бұрынғы елбасының төрт қорының активтерін, соның ішінде екі банктегі, ұялы байланыс компаниясындағы және "ұшатын пентхаус сияқты" жабдықталған Airbus ACJ320neo ұшағын қосқандағы байлығын 7,8 миллиард долларға бағалаған.

"Кейбір активтер Назарбаевтың қорларына берілді немесе әлі де оның билігі кезінде байыған капитализмге қарыздар олигархтардың ортақ меншігі болып табылады. Басқа жағдайда Қазақстан үкіметі кейіннен қайырымдылық қорлары сатып алған жеке компанияларға инвестиция салды. Нәтижесінде Назарбаевтың коммерциялық емес ұйымдары көптеген трансұлттық конгломераттарға қарағанда үлкен бизнес портфельдерге ие болып шықты", - дейді Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы.

Басылым, қорлар коммерциялық емес болғандықтан, Назарбаев олардың орасан зор активтеріне ресми түрде иелік етпейтінін жазады. Алайда OCCRP тілдескен заңгерлер Қазақстан заңнамасы бойынша жеке қор құрылтайшысы оның активтерін толық бақылауға алуға мүмкіндігі бар екенін түсіндірген.

Дегенмен, ұшақтың қозғалысын бұрынғы президент сапарларымен салыстырып, соның негізінде басылым "Ұшақтың ресми түрде қордың иелігінде екені белгісіз, бірақ оны Назарбаев пайдаланып жатқанына сенімді дәлелдер бар" деген қорытындыға келген.

Арызданушы мақаланың "Қордың заңды ойдан шығарылғаны, ол арқылы Назарбаев білім беруді қаржыландыруға арналған миллиардтаған долларды толығымен басқарады" деген түйінін жала деп атаған. Талапкер қаржылай өтемақы талап етеді, алайда оның мөлшері болатыны әзірге белгісіз.

Еске салайық, бұған дейін Назарбаевтың өзі "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" мен "Назарбаев Қоры" туралы айтқан еді.

"Әлемдегі көптеген университеттерде эндаумент қорлары бар. Біздің қор да солар секілді. 2000 жылы құрылған Нұрсұлтан Назарбаев қорының да бар екенін атап өткім келеді. Бұл қор тек білім берумен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік, мәдени, халықаралық және қайырымдылық шаралармен де айналысады”, – деген Назарбаев.

4 тамыз, 18:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.