Атырау, 5 қазан 10:27
 ашықВ Атырау +25
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қазақстанда еңбек құлдығына түскен Өзбекстанның 10 азаматы еліне қайтарылды

785 просмотра

Қазақстанда күшпен ұсталған Өзбекстанның 10 азаматы еліне қайтарылды, деп хабарлады "Дуне" ақпарат агенттігі Өзбекстан сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Өзбекстанның Алматыдағы бас консулдығына үш адам хабарласып, өздерін жергілікті тұрғындар қорқытып, жеке заттары мен ұялы телефондарын тартып алып, жеке үйде ұстағанын айтқан.

"Бас консулдық қызметкерлері Алматы қаласының құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірге Өзбекстан азаматтары орналасқан жерге барды, содан кейін олар Бостандық ауданының полиция басқармасына жеткізілді", - делінген хабарламада.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 389-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өзбекстан азаматтары қонақүйге орналастырылып, паспорты мен жеке заттары қайтарылып, Алматы-Ташкент бағыты бойынша үйлеріне жөнелтілді.

Барлығы Өзбекстанға аман-есен жетіп алған.

4 тамыз 2022, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.