Атырау, 23 желтоқсан 12:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Таубаевтың ісі бойынша куәгер сот арқылы жұмысына оралды

1 652 просмотра

Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың қылмыстық ісінде куәгер болып, кейін қызметінен босатылған Атырау облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Нұржан МЫРЗАБОЛАТОВ Жоғарғы Соттың шешімімен қызметіне қайта оралды.

Бұған дейін Атырау облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің ұсынысымен және құрылыс басқармасы басшысының м.а. М.Жантөреевтің шешімімен «мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика ережесін бұзғаны үшін» қызметінен босатылған шенеунік бұған келіспей, сотқа талап-арыз берген еді. Жергілікті деңгейде оның талап-арызы қанағаттандырылмады, бірақ ҚР Жоғарғы Сотына берген шағымы нәтижелі берді.

– Әуел бастан жұмыстан босатылғаныммен келіспедім, әділдік орнағанына қуаныштымын. Нұрлан Таубаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша куәгер болдым. Мұның заңға қайшы еместігі белгілі, сотта өз жұмысым бойынша куәлік бердім, - деді Нұржан Мырзаболатов «АЖ»-ға.

Алғашында Таубаевтың ісі бойынша жәбірленуші пара бопсалауға қатысы бар адамдардың қатарында Мырзаболатовты да атады, бірақ ол сотта бұл сөзін қайтарып алды. Оған қатысты қылмыстық іс қылмыс құрамының жоқтығына байланысты қысқартылды.

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Н.Мырзаболатовтың бұрынғы қызметінде 11 шілдеден бастап жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Фархат АБИЛОВ

4 тамыз 2022, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.