Атырау, 25 желтоқсан 18:08
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Қазақстан Тайванды Қытайдың ажырамас бөлігі санайды – ҚР СІМ

868 рет қаралды

Қазақстан Тайванды Қытай Халық Республикасы аумағының ажырамас бөлігі деп санайды. Мұны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы «Бір Қытай» қағидатын қолдайды және Тайванды Қытай Халық Республикасы аумағының ажырамас бөлігі деп санайды, - дейді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, «Қазақстан халықаралық құқықтың қолданыстағы нормаларын және Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысын сақтауды, атап айтқанда, осы мәселеде БҰҰ Бас Ассамблеясының 1971 жылғы №2758 қарарын ұстануды жақтайды» .

Шетелдердің ресми делегацияларының Тайванға сапарлары ҚХР үкіметімен келісілуі тиіс деп санаймын, - деді Айбек Смадияров

4 тамыз 2022, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.