Атырау, 4 мамыр 20:50
 ашықВ Атырау +7
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Ақтауда полиция қызметкері қаза тапты

920 просмотра
Сурет Lada.kz сайтынан алынды

Мәлім болғандай, марқұм Ақтау қалалық ІІБ ювеналды полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы болған. Ол билік органдарында 2016 жылдан бері жұмыс істеп, 22 шілдеден бері еңбек демалысында, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 3 тамызға қараған түні болған. Маңғыстау облысының полиция департаменті олардың қызметкерінің қаза тапқанын растады, деп хабарлайды Lada.kz .

Куәгерлердің айтуынша, тамыздың 2-сінен 3-іне қараған түні 17-шағын ауданда полиция қызметкері пышақталған. Ол ауруханаға жеткізіліп, сол жерде қайтыс болды.

Полиция департаменті бұл фактіні растады.

Полицейлердің хабарлауынша, сағат 03:50-де кезекші бөлімшеге жедел жәрдем 17-шағын аудандағы үйдің ауласынан мойын тұсынан пышақ жарақатын алған 26 жастағы жігітті Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізгені туралы ақпарат түскен. Ол есін жимай, жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Марқұм полиция қызметкері, еңбек демалысында болған.

Полицейлер 27 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша Ақтау қалалық ІІБ-ның ТЖД-на тіркелді.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

4 тамыз 2022, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.