Атырау, 4 мамыр 19:57
 ашықВ Атырау +7
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Қазақстан дизель отынын шетелдіктерге қымбатқа сатады – Энергетика министрлігі

812 просмотра

Қазақстан дизель отыны үшін сараланған баға тарифін енгізеді. Бұл жанармайды шетелдіктерге қымбат бағаға сатуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрдің сөзінше, қазір ведомствода дизель отыны бағасын саралауды қарастыратын бұйрық жобасы жасалып жатыр. Бұл дизель отынының тапшылығына жол бермеу үшін жасалған. 

"Қазақстанда жанармай бағасының төмен болуы айлық орташа тұтыну көлемін шамамен 120 мың тоннаға арттырады. Қазір министрлік дизель отыны бағасын саралауды қарастыратын бұйрық жобасын жасады. Бұл бағытта жұмыстар қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар және тараптармен бірге жалғасады", – деді Энергетика министрі.

Шекара қызметінің мәліметінше, Қазақстан күн сайын 4,5 мың бірлік жүк көлігі кіреді. Олардың 70%-ға жуығы шетелдік көліктер екен. 

3 тамыз 2022, 14:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.