Атырау, 4 мамыр 15:09
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Болат Назарбаевтың жақындары мәлімдеме жасады

1 190 просмотра

Анонимді Telegram-каналдарда Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Алайда кәсіпкердің жақындары бұл хабарды жоққа шығарып отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Бәрі дұрыс, алаңдамаңыздар. Жағдайы жақсарып келеді. Елдің өсегі ғой. Алла ғұмыр берсін», - деді Болат Назарбаевтың жақындары.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы да Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны туралы ақпарат келіп түспегенін айтты.

Еске салайық, бұған дейін Болат Назарбаевтың үлкен қызы Гүлмира Әбішева БАҚ-қа сұхбат беріп, әкесінің ауыр науқас екенін мәлімдеген еді. Тұңғыш президенттің інісі қатерлі ісікке шалдыққан.

3 тамыз 2022, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.