Атырау, 23 қараша 15:01
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Жағдайдың ушығуын Кремль қоғамның бірігуіне пайдаланып отыр"

1 613 просмотра

Саясаттанушы Досым Сәтбаев, Facebook желісіндегі жеке парақшасы:

"Постың мазмұны Медведевтің Украинада соғыс басталғаннан бері белсенді түрде айтып жүрген пропагандалық маразміне толық сыйып тұр. Ол түрлі елге қарата айтқан "жер қайтару" жайлы пропагандалық вакханалия мен лозунгтары арқылы арандатушы мәлімдемелер жасап жүрген. 

Ресейдің экс-президенті, қазір Ресей қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып отырған Медведев бұл постынсыз-ақ ақпаннан бері симонян, кеосаян, соловьевтердің қатарына қосылған. 

Медведев өзін Ресейдің қазіргі сыртқы саясатының нағыз қолдаушысы ретінде көрсетіп, Путиннің ізбасарының тізіміне енуге талпынып жатыр деген пікірмен келісуге болады. Кейінгі уақытта оның билік аппаратындағы салмағы түсіп бара жатқанын ескерсек, ол үшін ізбасар тізіміне ену маңызды. Ал тізімге енуге бәсеке жүріп жатыр. Өткенде Шойгу Совет одағын аңсаған еді. 

Олардың бұл мәлімдемелері соғыс пропагандасымен уланған, ойдан шығарылған "ішкі" және "сыртқы" жауларға сенетін аудиторияға арналған. Жағдайдың ушығып, жек көрініштің артуын Кремль қоғамның бірігуіне пайдаланып отыр".

2 тамыз 2022, 20:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.