Атырау, 5 мамыр 22:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Жаңа оқу жылында мектепте қандай шектеу шаралары болады?

772 просмотра

Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова жаңа оқу жылында мектепте қандай шектеу шаралары енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik.

"Эпидемиологиялық жағдайды ескерсек, жаппай оқытудың онлайн-форматына көшпейтін шығармыз. Былтыр бірнеше толқынын да көрдік. Әрине, 100 проценттік сеніммен айтуға болмайды. Барлығы инфекцияның таралу деңгейі мен нақты штамға байланысты болады. Сол кездегі эпидемиологиялық жағдайға қарай тиісті шаралар қолға алынады", - дейді Есмағамбетова.

Бас санитардың айтуынша, жаңа оқу жылына дейін эпидемиологиялық жағдайға қарай шектеу шаралары әзірленеді. Алдымен мектептегі санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтауға басымдық беріледі. Мектепті жиі жинауға тапсырма беріледі. Дезинфекциялық құралдар қолданылады.

Бұдан бөлек, мектепте педагогтер мен оқушылардың дене қызуын өлшеу шарасы да енгізілуі мүмкін. Температура анықталса, баланы сабаққа кіргізбейді.

Есмағамбетованың сөзіне қарағанда, мектепте барлық бұқаралық шараға да тыйым салынуы ықтимал.

Айта кетері, үкіметтің бүгінгі отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирус инфекциясының таралуы бойынша болжамды жариялады. Оның айтуынша, тамыз айында вирус жұқтырғандардың саны күніне 4 000 адамға дейін барады. Ал қыркүйек айында төмендейді.

2 тамыз 2022, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.