Атырау, 14 мамыр 09:57
 ашықВ Атырау +19
$ 440.92
€ 475.36
₽ 4.82

Маңғыстау облысында теміржолшылар ереуілге шықты

851 просмотра

1 тамызда Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі Бейнеу жол дистанциясының қызметкерлері ереуіл жариялады, деп хабарлады Sputnik "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

"Компания өз қызметкерлерімен ашық диалог жүргізеді және жағдайды реттеу үшін заң шеңберінде барлық мүмкін болатын шараларды қабылдайды", - делінген ҚТЖ хабарламасында.

Бұған дейін, ақпан айынан бастап компания ПЧ-12 (Бейнеу жол дистанциясы) мәселелерін шешумен айналысып жатыр. Осы жылдың сәуір айында татуластыру комиссиясы құрылып, оның шеңберінде қызметкерлердің бірқатар заңды талабын қанағаттандыру бойынша шаралар қабылданды.

"Сонымен қатар бастамашыл топтың жалақыны 100%-ға көтеру туралы талабын компания қаржылық қаражатының жоқтығынан орындай алмайды. "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның кірістері негізінен белгіленген тарифтер есебінен қалыптастырылады", - делінген хабарламада.

Өткен жылы алынған барлық пайда жалақыны көбейтуге бағытталды. Темір жол штаттық режимде жұмыс істейді.

1 тамыз 2022, 19:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.