Атырау, 29 маусым 01:26
 снегВ Атырау +17
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

Оралда екі автобус соқтығысып, 11 адам ауруханаға жеткізілді

1 256 рет қаралды

Оралда екі автобус соқтығысып, 11 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Оқиғаға куә болғандардың сөзінше, жол апаты бүгін шамамен сағат 10.30-да Мұхит және Дәулеткерей көшелерінің қиылысында болды. Қалада 39-бағытта жүретін «ПАЗ» автобусының жүргізушісі Дәулеткерей көшесімен келе жатып, басты көше - Мұхитқа шығарда жол бермей, 30Д бағытында жүретін автобуспен соқтығысқан. 

Салдарынан 39-автобус қиылыста тұрған Toyota Camry автокөлігіне аударылған. Жол апатынан кейін 11 адам жарақат пунктіне жүгінді, олардың біреуі - бала. БҚО Полиция департаменті және облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаны растап, қосымша ақпаратты кейін беретінін жеткізді.

30 шілде 2022, 13:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.