Атырау, 3 мамыр 03:16
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Енді Ақпарат министрлігі әлеуметтік желілерді шектей алады

823 просмотра

Премьер-министр Әлихан Смайлов Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне әлеуметтік желіні шектей алатын өкілет беретін қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Қамшы.

Құжатқа сай, министрлік әлеуметтік желілерді бақылайтын қосымша мүмкіндіктерге ие болды. Атап айтқанда:

онлайн-платформаны (Facebook іспеттес әлеуметтік желілер) немесе лездік хабарлар алмасу сервисін (Whatsapp тәріздес мессенджерлер) пайдаланушылардың саны туралы мәліметтерді тексеру мақсатында олардан бір тәуліктегі пайдаланушылардың саны туралы ақпаратты сұрата алады;

онлайн-платформа немесе лездік хабар алмасу сервисі интернетте ақпараттық ресурсты пайдаланушылардың санын айқындауға арналған бағдарламаны орнатпаған жағдайда оларды пайдаланушылардың санын өз ресурстарымен айқындай алады;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, ел аумағында шетелдік онлайн-платформаның немесе лездік хабар алмасу сервисінің қызметін шектей алады.

29 шілде 2022, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.