Атырау, 2 мамыр 20:48
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Бас прокуратура: Қаңтар оқиғасында заңсыз әрекет жасаған 717 адам сотталды

745 просмотра

Қаңтар оқиғасында түрлі заңсыз әрекет жасаған 717 адам сотталды, деп хабарлайды Sputnik Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері прокурорлар қаңтар оқиғасының себептерін, террорлық шабуылдар мен жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушыларды анықтауға жұмылдырылды.

"Бүгінгі күні осы оқиғаларды тергеу нәтижелері бойынша сотқа 474 қылмыстық іс жолданды. Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан, ұрлық жасаған, қару сақтаған 717 адам сотталды", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сүйенсек, тергеу сатысындағы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға ерекше назар аударылып отыр.

"Жыл басынан бері 1 077 тұлғаға қатысты негізсіз қылмыстық қудалау тоқтатылды. Қызметтік үй-жайлардан және уақытша ұстау изоляторларынан 512 адам босатылды. Прокурорлардың бастамасы бойынша 634 адамға қатысты сот үкімдері заңға сәйкестендірілді. Сондай-ақ, 130 сотталушыға тиісті жағдай жасалып, 15 күдікті ақталды", - деп хабарлады Бас прокуратура.

28 шілде 2022, 21:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.