Атырау, 5 қазан 12:26
 ашықВ Атырау +15
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Нұрсұлтан Назарбаев Түркиядан елге оралды: шетелдік ресми тұлғалармен кездескен жоқ

938 просмотра

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Түркиядан Қазақстанға оралды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik

Айтуынша, Назарбаев Түркияда демалысын туыстары мен жақындарының ортасында өткізген.

"Анонимді дереккөздердің түрлі қауесетіне қарамастан, тұңғыш президент демалыс кезінде шетелдік ресми тұлғалармен және бизнес өкілдерімен ешқандай кездесу өткізген жоқ", - деп жазды Үкібай твиттерде.

Бұған дейін телеграм-арналарда Нұрсұлтан Назарбаев саяси және бизнес элита өкілдерімен кездескені туралы ақпарат тараған еді.

28 шілде 2022, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.