Атырау, 5 қазан 14:17
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Рудныйдағы орталық экранда көшеде қоқыс тастағандар көрсетіледі

684 просмотра

Рудныйда қала ортасындағы LED-экранда қоқысты ережеге сай тастамаған тұрғындар көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.

Рудный әкімдігі бұрын-соңды болмаған әдістерге көшкен. Билік қаланың үлкен қоқыс алаңына айналып бара жатқанын тұрғындарға осылайша жеткізбек.

Бірақ мұнымен іс бітпейді. Дәл осындай видеолар әлеуметтік желілерде, мысалы, Рудный әкімдігінің Instagram-парақшасында да жарияланған. Материалдың көптігінен жазба күн сайын шығады.

"Город" АА порталы мәліметінше, жергілікті L-Trading ЖШС айына 1000 тоннадан аса, күніне 50 тоннаға дейін қоқыс шығарады.

28 шілде 2022, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.