Атырау, 5 қазан 14:16
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

ҰҚК жергілікті департамент басшылары тағайындалды

1 178 просмотра

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайтында аумақтық орган басшылары тағайындалғаны туралы хабарлама жарияланды. Атырау облысында Шекара қызметі департаментінің басшысы ауысты. 

ҰҚК аумақтық органдарының басшылары:

  • ҰҚК Абай облысы бойынша департаментінің бастығы Бақытжан Уәлиниязов;
  • ҰҚК Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы Рустам Ыбыраев;
  • ҰҚК Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастығы Бауыржан Құндызбаев;
  • ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы Ринат Қоқымбаев;
  • ҰҚК Ұлытау облысы бойынша департаментінің бастығы Саламат Үкенов;
  • ҰҚК Жетісу облысы бойынша департаментінің бастығы Алмас Наймантаев;

Шекара қызметі:

  • ҰҚК Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы Серік Рахымов;
  • ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Мадияр Жұмаділов;
  • ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастығы Айдар Айымбетов;
  • ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің бастығы Әділ Әбесов;
  • ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің бастығы Марат Нарбаев;
  • ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің бастығы Санат Жұманов.
27 шілде 2022, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.