Атырау, 24 қараша 00:06
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Онкология диспансерінің жаңа ғимараты ескі ғимараттың орнына салынады

817 просмотра

Онкология диспансерінің ескі ғимаратын бұзып, жаңа ғимарат салуға жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға 59 млн теңге бөлінді. Ол ескі ғимараттың орнына салынады. Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан БАЙДУӘЛИЕВ мәлімдеді.

Ал өткен жазда журналистермен кездесу кезінде №2 облыстық аурухананың ғимараты осы емдеу мекемесінің жаңа орнына айналатынын айтқан болатын. Сол кезде №2 облыстық аурухана (Нұрсая ықшамауданындағы жұқпалы аурулар стационары) дәрігерлері өздерінің ғимаратын облыстың онкология қызметі алып жатқанына үзілді-кесілді қарсы болды. Өйткені бұл жағдайда оларға қала шетіндегі модульдік стационарға көшуге тура келер еді. Дәрігерлерге қала тұрғындары да қолдау көрсетті. Көп жыл бойы инфекционистер бұрынғы балабақшаның бейімделген ғимаратында жұмыс істеуге мәжбүр болды. «Аджип ҚКО» компаниясы қаржыландырған жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы жобасын жүзеге асыру 2008 жылы басталды. Нысанды тапсыру мерзімі түрлі себептермен бірнеше рет кейінге шегерілді, нәтижесінде дәрігерлер жаңа ғимаратты 2016 жылы ғана алды. Мұның бәрін, сондай-ақ «қарсы» уәждерді олар облыс әкімі мен прокурорына, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министріне жазған хаттарында баяндады.

– №2 облыстық аурухана соңғы жылдары жұқпалы аурулар стационары ретінде пайдаланылып келеді. Онда онкология диспансері жақсы орналасады деп болжадық, өйткені онда қажеттінің бәрі бар: реанимация, операция бөлмесі, зертхана. Аурухананы қайта жабдықтау үшін қомақты қаржы жұмсаудың қажеті жоқ. Салғымыз келген радиология ғимаратының ауданы аумаққа сыятын еді. Бірақ жобалаушылар шақырылғанда олар радиология ғимараты мен тұрғын үйлердің арасы нормативке сай емес, сондықтан жауапты қызметтер ол жерге салуға рұқсат бермейді деді. Сол себептен біз бұл ойдан бас тарттық, - деп түсіндірді А.Байдуәлиев.

Дегенмен, радиология ғимаратын жобалау жұмыстары жалғасуда, бір-екі айдан кейін ол мемлекеттік сараптамадан өтуі керек. Ол қазіргі стационардың аумағына салынады. Құрылысты 2023 жылы бастау жоспарлануда, бұған бюджетке қаржы салынған. Ескі онкология ғимараты сүріледі.

– Техникалық қорытындыға сәйкес, ескі ғимарат апатты жағдайда тұр. Қалай болғанда да, онда емхананың, күндізгі стационардың жұмысын ұйымдастыруға, лифт жабдықтауға жағдай жоқ. Қазір ота жасалатын онкология ауруы бар науқастар әр қабатқа зембілмен тасымалданады. Бұл катастрофа. Осыған орай жуырда өткен мәслихат отырысында дәл осы жерден жаңа ғимарат жобалауды қолға алу туралы шешім қабылданды, – дейді А.Байдуәлиев. - Жаңа ғимарат радиология ғимаратына арналған жапсармамен қатар салынады деп жоспарлануда. Бұл онкология қызметінің жұмысына жақсы серпін беретініне сенімдімін. Соңғы жылдары бұл сала елімізде айтарлықтай жақсарды, жаңа дәрігерлер командасы жинақталды, ахуал орталығы құрылды. Соңғы жылдары облыстың онкология қызметі барлық көрсеткіш бойынша алғаш рет «жасыл аймаққа» шықты.

Облыстың бас дәрігерінің айтуынша, құрылысқа 3 жылға жуық уақыт кетеді. Осы уақыт бойы онкодиспансер дәрігерлері науқастарды облыстық аурухананың ескі ғимаратында қабылдауы мүмкін. Радиология корпусы да сол жерде орналасқан.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

27 шілде 2022, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.