Атырау, 5 қазан 14:28
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Маңғыстауда көлік жүргізушілері арасындағы төбелес өліммен аяқталды

858 просмотра

Маңғыстау облысында екі көлік жүргізушісі жолды бөлісе алмай, төбелесіп қалды. Біреуі өзінен жасы үлкен ер адамды өлтіріп тастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Lada.kz сілтеме жасап.

Қазіргі кезде полицейлер тергеу шараларына кірісті. Оқиғаның мән-жайы анықталды.

Ресми мәліметке сәйкес, 22 шілде күні Жаңа Дәулет ауылында екі көлік жүргізушісі бір-біріне жол бермей, сөзге келіп қалды. Жанжал қайғылы оқиғамен аяқталды.

Сол күні кешкі сағат 20:15-те Мұнайлы аудандық полиция бөліміне жолдың жиегінде ер адамның мәйіті жатқаны туралы хабар түсті. Денесінде жарақаттар болды. Тәртіп сақшылары 67 жастағы зейнеткердің өліміне қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы ер адамды ұстады.

"Алдын ала болжамға сәйкес, екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, ұрсысып қалды. Сол кезде ашуға булыққан күдікті көліктен шығып, 67 жастағы ер адамды соққыға жыққан. Зейнеткер алған жарақатынан қайтыс болды", - дейді полицейлер.

Тергеу сотының санкциясымен басбұзар қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі (Адам өлтіру) бабы бойынша тергеу шаралары басталды.

Осы бапта он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

27 шілде 2022, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.