Атырау, 29 маусым 03:30
 дождьВ Атырау +16.1
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

Елімізде тағы екі кәсіби мереке пайда болуы мүмкін

1 184 рет қаралды

Ұлттық экономика министрлігі еліміздегі мерекелер тізіміне толықтырулар әзірледі, деп хабарлайды baq.kz.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізілмек.

Оған келесі кәсіби мерекелерді қосу ұсынылып отыр:

- 9 қыркүйек – Қазақстан кәсіпкерлері күні;

- 19 желтоқсан – жарнама маманы күні.

Қаулыға толықтыру енгізу туралы құжаттар Ашық НҚА сайтында жарияланған. Кәсіпкерлер мен жарнама мамандарының күні туралы құжатты талқылау мерзімі 8 тамызға дейін деп көрсетілген.

25 шілде 2022, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.