Атырау, 5 қазан 14:18
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Егемендікке төнген қауіп кезінде Өзбекстан мен Қырғызстан Қазақстанға көмектеседі

1 064 просмотра

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёв қол қойған достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шарттың мәтіні жарияланды, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі. 

Келісімге сәйкес, аталған үш ел тәуелсіздік, аумақ бүтіндігі мен егемендікке төнген қауіп кезінде бір-біріне көмек көрсетуі керек. Сонымен қатар бір-біріне қарсы күш қолданбауға, үш мемлекеттің біріне қарсы әскери ұйымда

Бұдан бөлек Уағдаласушы Тараптар Орталық Азияда бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

Президенттер құжатқа қол қойған соң, келісімшартты өз елдерінде ратификациялауы керек. Қазір жоба талқылауға арналған сайтта жарияланған. 

Бұған дейін Түркіменстан мен Тәжікстанның мемлекет ішіндегі рәсімдерді аяқтаған соң, келісімшартқа қосылатыны туралы хабарланған.

Еске салайық, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан 21 ғасырда Орталық Азияны дамыту үшін достық, татулық, көршілік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойғаны туралы хабарлаған едік. 

25 шілде 2022, 17:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.