Атырау, 5 қазан 14:21
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қазақстанда орташа жылдамдықты асырғандарға жаза қарастырылады

829 просмотра

Ішкі істер министрлігі тасжолда орташа жылдамдықты асырғаны үшін жаза қарастыратын өзгерістер дайындап жатқанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Сонымен қатар, қазір Ішкі істер министрлігі қала маңындағы жолдарда орташа жылдамдықты асырғаны үшін көлік жүргізушілерін жауапкершілікке тарту мүмкіндігін қарастыратын түзетулер әзірлеп жатыр", - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев. 

Бұған дейін БАҚ-та Қазақстанда орташа жылдамдықты асырғандарға айыппұлды заңдастыру жоспарланып отырғанын хабарлаған болатын. Қазақстан стандарттау және метрология институты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске "орташа жылдамдық" ұғымын енгізу жобасын дайындады.

Құжатты жаз аяғына дейін қабылдау керек. Бастапқыда, орташа жылдамдықты қала сыртындағы тасжолда өлшеп, кейін қаладағы камералар да бақылайды. Орташа жылдамдықты асырғаны үшін қандай айыппұл салынатыны әлі белгісіз.

2019 жылғы шілдеде сол кездегі ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елді мекеннен тысжолдарда орташа жылдамдықты асырғаны үшін жауапкершілік енгізуді ұсынған еді.

25 шілде 2022, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.