Атырау, 21 ақпан 18:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Тоқаев Меккеде кіші қажылық жасады

870 рет қаралды
Сурет: Akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Меккеде умра жасады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Президент ерекше құрметке ие болды – ол Қағбаның ішіне кірді. Оның есігі ерекше жағдайларда аса мәртебелі меймандарға ғана ашылады. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан көшбасшысына деген құрметінің дәлелі болды", - делінген мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше, 23 шілдеде Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Джидда қаласына ресми сапармен барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король Салман бен Әбделәзиз Әл Саудты еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – "Алтын Қыран" орденімен марапаттады. Оның Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық пен серіктестікті нығайтуға зор үлес қосқаны айтылды.

25 шілде 2022, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.