Атырау, 5 қазан 14:20
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Тоқаев Зеленскиймен болған әңгіме барысында Қазақстанның түбегейлі ұстанымын растады

1 057 просмотра

Украина тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бірін-бірі екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығымен құттықтады. Бұл атаулы күн 23 шілдеде атап өтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы кезең ішінде экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуда маңызды әрі оң нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті, делінген Ақорда хабарламасында.

Қазақстан Президенті БҰҰ-ның көмек көрсетуімен Украина астығын экспорттау жөніндегі Түркияда қол жеткізілген үшжақты келісімге оң баға берді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Украинадағы жағдайды дипломатиялық жолмен реттеуге қатысты Қазақстанның түбегейлі ұстанымын растады.

23 шілде 2022, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.