Атырау, 5 қазан 16:10
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Демалыс күндері оңтүстікте 46 градусқа дейін аптап ыстық сақталады

1 039 просмотра

Қазгидромет синоптиктері 23-25 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республика аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады — жаңбыр жауады.

25 шілдеде елдің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, дауыл соғып, бұршақ жауады.

Еліміздің оңтүстік-шығысында ғана үш күн бойы жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады.

Күндізгі уақытта республиканың батыс жартысында ауа температурасы +27 +42°С-тан +23 +35°С-қа дейін төмендейді.

Ал елдің солтүстік-батыс, орталық өңірлерінде ауа температурасы аздап көтеріледі: мұнда термометрлер + 25 +38°С белгісіне жетеді, республиканың солтүстігінде, шығысында болса температуралық фон +22 +30°С-қа, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +34 + 46°С дейін өте қатты ыстық сақталады.

22 шілде 2022, 18:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.