Атырау, 19 желтоқсан 17:03
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

Нұрлан Таубаев апелляциялық шағым берді

1 751 просмотра

10 жылға сотталған Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірді.

Нұрлан Таубаевтың шағымын қарау 2 тамызда басталады. Сотталған экс-шенеунік сот үкімімен келіспей, облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірген. Ал оның сыбайласы облыстық құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы сот үкіміне шағымданбады.

- Таубаев пен Басаровтың ісі апелляциялық сотқа түсті. Сот отырысы 2 тамызға белгіленді, - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, енді Таубаевты басқа адвокат қорғайды. Ол өзінің бұрынғы қорғаушылары - Нұрлан Жолболов, Игорь Вранчев және Мұратхан Амитовтан бас тартты.

Сот үкімімен Таубаев қана емес, прокурор да келіспейді. Бірақ Таубаев өзін кінәсіз деп санаса, прокуратура облыс әкімінің бұрынғы орынбасары мен Басаровтың жазасын колония-қоныста емес, қатаң режимдегі түрмеде өтеуі керек екеніне сенімді. Айыптаушы тарап бұған қол жеткізуді көздеп отыр.

Фархат  АБИЛОВ

21 шілде 2022, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.