Атырау, 21 ақпан 18:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Джеруто Қазақстан қоржынына алтын салды

1 073 рет қаралды

26 жастағы Нора Джеруто жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында кедергілермен 3 мың метр қашықтыққа жүгіруден алтын медальге ие болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.

Ол межені 8:53.02 уақытта еңсерді.

Осы маусымда Нора Джеруто АҚШ-та Diamond League-тің қомақты кезеңінде жеңіске жеткен еді.

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты АҚШ-тың Юджин қаласында өтіп жатыр. Чемпионат 24 шілдеге дейін жалғасады.

Айта кетері, Джеруто Қазақстан азаматтығын 2018 жылы алған болатын.

21 шілде 2022, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.