Атырау, 17 мамыр 15:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

СҚО-да аңшы жидек теріп жүрген әйелді абайсызда атып өлтірді

820 просмотра

Солтүстік Қазақстан облысында орманда жидек теріп жүрген әйел оққа ұшты. 52 жастағы тұрғынды аң аулауға шыққан азамат байқамай атып тастаған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, күдікті оқ тиген Алтынай Мұздақбаеваны ауруханаға өзі жеткізбек болған. Алайда әйел ауыр жарақат салдарынан жолда қаза болған. Болжам бойынша ер адам аң деп ойлап қалған болуы мүмкін. Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

"Қылмыстық іс бойынша бірқатар сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижесі бойынша, күдіктінің іс-әрекетіне баға беріледі. Қылмыстық іс бойынша басқа да толық ақпарат Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабы тәртібіне сай жариялауға жатпайды", - деді Жамбыл ауданының прокуроры Талғат Төлегенов.
14 шілде 2022, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.