Атырау, 17 мамыр 14:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Шымкентте дәмханаға жұмысқа тұрған оқушы қыз көз жұмды

987 просмотра

Шымкент полициясы дәмханалардың бірінде мерт болған оқушының жұмбақ өлімін тергеп жатыр, деп хабарлайды sputnik.kz.

Otyrar басылымының ақпаратынша, 9-сыныпты бітірген қыз сауда орталығындағы жылдам тамақтану дәмханасына жұмысқа кірген. 3 шілде күні оқушының ата-анасына жұмыстан суыт хабар жетті, бірақ дәмхана қызметкерлері қыздың өліміне қатысты әртүрлі нұсқа айтқан.

"Мен оны мәйітханада көргенде бүкіл беті қанталаған, құлағының арты қан, басы ісіп тұр", - дейді марқұмның анасы.

Дәмхана иесі мен қызметкерлердің екі нұсқасы бар – қызды тоқ соқты және жүрегі ауырды.

"Олардың айтқаны жанымызға қатты батты. Олардың сөзінше, таңертең А. жұмысқа келіп, аш қарынға энергетикалық сусын ішкен. Осыдан кейін оның жүрегі ауырып, құлап қалыпты. Бұл түсініксіз, өйткені бізге алғашында оны тоқ соқты деген. Біз онымен бірге істеген қыздан сұрадық. Ол тоқ соққанын, басынан түтін шыққанын айтты", - дейді оқушы қыздың ағасы Жеңісхан Қалыбай.

Анасының айтуынша, қыздың жүрегі ешқашан ауырмаған. Ол сіңлісімен жұмыс істепті, сіңлісіне жұмыс орнында жоғары кернеу бар екенін ескерткен.

"Алғашында маған аспаздың көмекшісі боласың деді. Кейін еден жуғызып қойды, бірақ кейбір жерлерде тоқ барын ескертті, сол үшін мен абайлап жудым", - дейді марқұмның сіңлісі.

Полиция байқаусызда адам өліміне әкеп соққан, қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Туыстарының қолында сараптаманың алдын ала қорытындысы бар. Сарапшылар қызды тоқ соқты деген қорытындыға келіп отыр.

Сараптаманың соңғы қорытындысы 20 күннен кейін дайын болады.

Қазір жас қызметкер қаза болған мекеме жабық тұр.

13 шілде 2022, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.