Атырау, 17 мамыр 08:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

"Үйге ораламын" - Рыбакина

937 просмотра

Елена Рыбакина Уимблдон-2022 турниріндегі жеңісінен кейін Қазақстанға қайтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Сейсенбі, 12 шілдеде еліміздің бірінші ракеткасы, "Уимблдон-2022" турнирінің чемпионы Елена Рыбакина Нұр-Сұлтанға келеді. Спортшының күн тәртібі толық. Бірінші журналистермен баспасөз мәслихаты өтеді, кейін ол жас спортшылармен және жанкүйерлермен кездеседі.

"Құрметті қазақстандықтар! Мен үйге бара жатырмын. Уимблдонда көрсеткен қолдауларыңыз, мен үшін жеңіс болды. Рақмет, қолдауларыңызды сездім. Бәріміз бірге тарихта қалдық және бұл өте керемет сезім! Дәл осы жеңіс, дәл осы тарихи сәт менің өмірімде болып жатқанына әлі де сене алар емеспін", - деді Елена Рыбакина.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның алғаш рет Уимблдон турнирінің чемпионы атанғанын, барша жанкүйерлерге алғысын жеткізгенін жазған болатынбыз. Президент Елена Рыбакинаға халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатқаны үшін алғыс айтты.

11 шілде 2022, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.