Атырау, 17 мамыр 08:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі ұзартылды

1 123 просмотра

Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі тағы бір айға ұзарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2022 жылғы 8 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасы мерзімін тағы бір айға ұзартты", - деді қалалық соттың баспасөз қызметі өкілі.

Бұған дейін қаржы мониторингі агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаржы жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді бастаған болатын. Белгілі бизнесмен Қайрат Боранбаев қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған еді.

Бұған дейін Қайрат Боранбаев пен Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қамауға алу мерзімі бір айға ұзартылған болатын.

8 шілде 2022, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.