Атырау, 17 мамыр 08:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Жамбыл облысындағы балабақшада бүлдіршінді 19 жерінен тістеп тастаған

1 285 просмотра

Жамбыл облысында балабақшадағы бүлдіршін топтағы баланы 19 жерінен қанжоса етіп тістеп тастаған. Ата-аналар бұл жағдайдың жиі қайталануына алаңдап отыр, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы. 

"Бір саусағын тырнағына дейін шайнап тастаған. Сөйтіп жалпы он тоғыз жерінен тістеген. Байқұс шырылдап жылағанда бір адам келмеген", – деді Еркеназдың атасы Байқадам Битөреев. 

Астанаға барып ем алған екі жасар Еркеназға дәрігерлер "неврологиялық стресс алған" деген диагноз қойған. Әжесі күні бойы қараусыз қалдырған тәрбиешілерге ашулы. Басшылықтың жұмыстан кетуін талап етіп отыр. 

Балабақшадағы бүлдіршіннің басқа балалардың тістеуге құмар екенін басшылық та мойындап отыр. 

"Бұл екінші жағдай. "Баланың грыжасына операция жасату керек" деп айттық. Одан кейін мақұл деп кеткен. Бала үлкен-кіші дәретке отырған кезде мазасызданады", – деді "Қарлығаш" балабақшасының меңгерушісі Балауса Әліманқызы. 

"Әрине, орнынан кетуі керек. Бұл деген масқара ғой, бетін жаба береді. Бала шошынып жылайды, түнімен ұйықтаған жоқ", – деді Еркеназдың әжесі Науат Дүкенбайқызы. 

8 шілде 2022, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.