Атырау, 20 сәуір 11:54
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

КҚК-да қазақстандық мұнай экспорты қалыпты режимде жүріп жатыр - министрлік

1 200 просмотра

Қазақстан мұнайы "Каспий құбыр консорциумы" акционерлік қоғамының құбыр жүйесі арқылы қалыпты режимде экспортталып жатыр. Бұл туралы Қазақстан энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өндірістік процестің үздіксіз циклын ескере отырып, "ҚҚК-Р" АҚ судья қаулысын орындауды тоқтата тұру туралы өтінішхатпен сотқа жүгінді.

"Консорциум Ространснадзордың ұйғарымында көрсетілген құжаттық заң бұзушылықтарды жою үшін Ресей Федерациясының тиісті мемлекеттік органдарымен және ведомстволарымен қазірдің өзінде жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта қазақстандық мұнайды "КҚК-Р" АҚ құбыр жүйесі арқылы экспорттау штаттық режимде жүзеге асырылуда", - делінген министрліктің хабарламасында.

Бұған дейін "Каспий құбыр консорциумы" акционерлік қоғамы Новороссийск қаласы Приморск аудандық сотының судьясы 2022 жылдың 5 шілдесіндегі қаулысымен "ҚҚК-Р" АҚ қызметін 30 тәулікке тоқтату түрінде әкімшілік жаза тағайындағанын хабарлады. Артынша компания сот шешімін орындауды 30 күнге кейінгі қалдыру туралы өтініш бергенін, өйткені мұндай әрекет өндіріске ауыр салдар мен зардаптар әкелуі мүмкін екенін мәлімдеді.

КҚК – қазақстандық мұнай үшін негізгі экспорттық бағыт, оған құбыр арқылы айдалатын көлемнің 80%-тен астамы тиесілі. Құбыр желісінің қуаттылығы – жылына 67 миллион тонна мұнай.

7 шілде 2022, 13:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.