Атырау, 17 мамыр 08:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Антикор бұрынғы әріптестеріне қарсы тергеу бастады

853 просмотра

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық істі тергеуге қатысқан бұрынғы қызметкерлерінің рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомсвтоның мәлімдеуінше, бұрынғы қызметкерлер Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті бұрынғы төрағасының міндетін атқарушы Лариса Пакқа қатысты қылмыстық істі тергеуге қатысқан.

2017 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде тергеу-жедел тобы қылмыстық істі тергеді, ол кейіннен қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Ведомстводағылар атап өткендей, 2019 жылғы 6 шілдеде іс бойынша күдікті Л.Ю. Пак қайтыс болды.

Сондай-ақ, Антикордың мәліметі бойынша, 2020 жылғы 7 желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Лариса Пак әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты толық ақталғанын хабарлады.

7 шілде 2022, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.