Атырау, 25 желтоқсан 22:20
 ашықВ Атырау -10
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

2022-2023 оқу жылына бөлінген гранттар тізімі жарияланды

1 243 рет қаралды

2022-2023 оқу жылына бөлінген білім гранттары тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Магистратураға түсуге 13 мыңнан аса грант, докторантураға 1800-ден аса грант бөлінген.

2022-2023 оқу жылына мамандықтар бойынша бөлінген білім беру гранттары тізімі Ұлттық тестілеу орталығының веб-сайтында жарияланды: бакалавриатмагистратурадокторантура.

"2022-2023 оқу жылында бакалавриатқа қабылдау үшін министрлік 73 мыңға жуық грант бөлді. Ең көп грантты "Машина жасау, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс индустриясы" білім беру бағдарламалары тобы алды, саны - 17 794 грант. "Педагогикалық ғылымдар" – 10 810 грант, "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" – 9 103 грант, "Жаратылыстану, математика және статистика" – 6 288 грант.
Техникалық салаларға ерекше назар аударылды, онда мемлекеттік тапсырыстар үлесі 60 пайызға дейін ұлғайтылды", - деді Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері.

7 шілде 2022, 09:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.