Атырау, 25 шілде 08:42
 дождьВ Атырау +28.4
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08

Қазақстандық министрлер қайтадан маска тақты

1 137 рет қаралды

Қазақстан Үкіметінің мүшелері отырысқа медициналық маскамен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысы ұзақ уақытта алғаш рет маска тағу режимінде өтті. 

Кейінгі тәулікте елімізде коронавирустың 187 жаңа жағдайы тіркелді. Нұр-Сұлтанда - 37 адам, Алматыда 112 адам вирус жұқтырды. 

16 маусымнан бастап Алматыда коронавирус жағдайларының өсуі байқалады. Оған себеп COVID-19-дың "стелс омикрон" түрінің таралуы екені хабарланды.

4 шілдеде Алматы эпидемиологиялық жағдай бойынша "сары" аймаққа өтті.

5 шілде 2022, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.