Атырау, 5 қазан 22:41
 ашықВ Атырау +19
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі мерзімінен бұрын босап шығуға өтініш жазды

1 346 просмотра

Продюсер Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев түрмелен мерзімінен бұрын босап шығуға өтініш жазды. бұл туралы Алматы облыстық сотына сілтеме жасап Sputnik Қазақстан хабарлады. 

"Өтінішхат Қапшағай қалалық сотына келіп түсті. Оны қарау 11 шілдеге белгіленді", - деп хабарланды соттан. 

Айта кетейік, Бақытбек Есентаев 2016 жылдың 10 маусымынан бастап жазасын өтеуде. Ол 9 жылға бас бостандығынан айырылған еді. 

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Есентаевтың аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 9 жылға сотталғанын және уақытынан бұрын босап шығу туралы өтінішті тек мерзімінің үштен екі бөлігін (6 жыл) өтегеннен кейін беруге болатынын хабарлады. Бұл мерзім биыл 10 маусымға сәйкес келді. 

Есентаев 2016 жылы сол кездегі жары Баян Мақсатқызын ұрып-соққаны және пышақ жарақатын салғаны үшін сотталған еді. 

5 шілде 2022, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.