
Қаржылық мониторинг агенттігі «AsiaCredit Bank» қатысты жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеу амалдарының жайы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «AsiaCredit Bank» АҚ-ның мүлкін ұрлау дерегіне қатысты ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қазір департамент ҚР ҚПК 24-бабының талаптарын орындауға бағытталған тергеу іс-шараларын жүргізуде», - деді агенттіктің баспасөз қызметі.
Агенттік өкілдері ҚР КПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтердің жария етілмейтінін айтты.
В Атырау 0