Атырау, 25 желтоқсан 19:21
 ашықВ Атырау -10
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Мәдениет министрлігі Елбасы стипендиясының атауын өзгертуді ұсынды

1 203 рет қаралды

Ашық НҚА порталында «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының» атауын өзгерту туралы Прездент Жарлығының жобасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжат жобасын әзірлеген орган – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі. 

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі №369 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы «Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы» деген редакцияда жазылсын» делінген жарлық жобасында.

Яғни, «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы» деген атау «Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия» деп өзгертіліп отыр. Ал стипендияның мөлшері бұрынғыдай 55 айлық есептік көрсеткіш (174 900 теңге – ред) көлемінде қалады.

4 шілде 2022, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.