Атырау, 25 желтоқсан 19:21
 ашықВ Атырау -10
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Құрбан айтта онлайн құрбандық шалатындар үшін арнайы сайт бар

1 032 рет қаралды

Қазақстанда онлайн құрбандық шалуға мүмкіндік беретін сайт іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы qurban2022.kzсайты іске қосылғанын мәлім етті. 

Айта кетейік, онлайн құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, көрсетілген реквизитке қажетті қаражатты аудара алады. 

Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. 

Бұдан кейін төлем барысында хабарламаға тапсырыс нөмірі мен құрбандық шалушының аты-жөнін жазу міндетті. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейнеесебі тапсырыс беруші көрсеткен WhatsApp нөмірге жіберіледі.

4 шілде 2022, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.