Атырау, 26 сәуір 17:42
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Екі жол апаты, біреуінде көлік жүргізуші қаза болды

Сурет
1 154 просмотра

3 маусымда сағат 9 шамасында  Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 105- шақырымы тұсында "HIGER" маркалы автобусы мен Toyota Camry автокөлігі соқтығысқан. 

Салдарынан автобус ішіндегі 6 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Сол күні сағат 20:15-те Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 590-шақырымында Lada Priora  автокөлігінің жүргізушісі арақашықтықты сақтамай тас жол бойында алдында келе жатқан Камаз автокөлігінің артқы бөлігіне соғылып, соққы екпінімен жолдың қарсы бетіне шығып, қарсы келе жатқан Лада автокөлігіне соқтығысқан. 

Салдарынан Lada Priora  автокөлігінің 22 жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, Лада автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілді.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Атырау облыстық ПД ұсынған суреттер

4 шілде 2022, 12:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.