Атырау, 21 ақпан 20:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

50 миллион теңге бопсалаған журналист ұсталды - Антикор

1 190 рет қаралды

Елордада журналист және блогер Махамбет Абжан 50 млн теңге алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды Sputnik

Антикор хабарлағандай, ол кәсіпкерлерді абырой-беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді БАҚ-қа жариялап жіберемін деп қорқытқан. Сөйтіп олардан ақша бопсалаған.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-та нұқсан келтіретін мәліметтер тарату қоқан-лоқысымен кәсіпкерлерден аса ірі көлемде ақша бопсалаған азамат М. Абжанның қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Осы жылдың 3 шілдесінде жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде Абжан 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Абжанның басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

3 шілде 2022, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.