Атырау, 24 қараша 14:16
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Еуропада маймыл шешегі ауруын жұқтырғандар үш есеге өскен

1 134 просмотра

Соңғы екі аптада Еуропада маймыл шешегімен ауырып жатқандар саны үш есе өсті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ДДСҰ сайтына сілтеме жасап.

Ол ЕО-ның барлық елдерін аурумен күресу үшін бар күш-жігерін салуға шақырды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық бөлімшесінің басшысы індеттің шығуы нағыз қауіп деп санайды. Оның айтуынша, вирус неғұрлым ұзақ таралса, соғұрлым оның тудыратын дерті эндемиялық емес елдерде күшейе түседі.

Жалпы, қазір әлемде маймыл шешегі ауруына шалдыққан 4500-ден астам адам тіркелген. Ауру 51 елде тіркеліпті. Сонымен қатар, індетті жұқтырғандардың 90 пайызы Еуропаға қатысты. Ауру континенттің 31 елінде тіркелген. Науқастардың 99 пайызы 21 бен 40 жас аралығындағы ер адамдар.

"Қуанышқа орай, әзірге өлім-жітім тіркелген жоқ. Жұқпалы аурулардың көпшілігі бөртпемен қатар жүреді, сонымен қатар қызу көтерілу, шаршау, бұлшықет ауыруы, құсу, диарея, қалтырау, тамақ ауруы немесе бас ауруы сияқты белгілер де жиі кездеседі", – деді Клюге.

2 шілде 2022, 12:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.