Атырау, 25 желтоқсан 19:21
 ашықВ Атырау -10
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Антикор Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты іс қозғады

1 238 рет қаралды
Көрнекі сурет

Антикор мемлекеттік кәсіпорынның ғимаратын арзан бағамен иеліктен шығару дерегін тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметі.

"Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты Алматы қаласындағы "Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" РМҚК-ның ведомстволық бағынысты ғимаратын мемлекет мүддесіне ауыр зардаптарға әкеп соққан үлестес заңды тұлғаның пайдасына төмендетілген бағамен иеліктен шығару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанның төрт жоғары оқу орны - Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Алматы энергетика және байланыс университеті сауда-саттыққа шығарылған. ЖОО-дағы қатысу үлестерін сату туралы шешімді Қаржы министрлігі шығарған.

1 шілде 2022, 18:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.